фото:ашықдереккөз
Қоғамды ұйыстырып, елді біріктіретін басты құндылықтардың бірі – патриотизм. Адам дүниеге дайын патриот болып келмейді, ол сезім уақыт өте қалыптасады. Патриоттық рух – елдің ертеңін арқалайтын жас ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие арқылы дарытылатын қасиет. «Патриот болу» түсінігі әркім үшін әрқалай: біреулер үшін ол елге адал қызмет ету болса, енді біреулер үшін туған жер мен тілге деген сүйіспеншілік. Ал бүгінгі бейбіт заманда өсіп келе жатқан жастар патриотизмді қалай қабылдайды? Шынайы патриот деп кімді атай аламыз? Осы және басқа да сұрақтарға жауап алу үшін біз Есімі Қазақстанның «Алтын кітабына» енген, Ақмола облысының Астана қаласындағы N°2 «Дарын» мектеп-лицей-интернатының директоры Рысжан Шамұратовамен сұхбаттасқан едік.
– Қазір жаһандану заманында ұлттық құндылықтарды көпке танытып, оны әлем алдына шығаруда патриотизмнің атқарар рөлі ерекше. Бүгінгі күні біз патриотизмді қалай түсініп жүрміз және ол қай салаларда айқын көрінуі мүмкін?
– Я бұрынғы уақытта батырларды бас көтеріп елдің жоғын жоқтаған адамды патриот, Отанын қорғауды, патриотизм деп ойлаушы едік. Қазіргі жаһандану дәуірінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен дамыту – әр мемлекеттің басты мақсаты. Әр адамның міндетіндей. Бұл ретте патриотизм ұғымы ерекше мәнге ие. Ол тек елге деген сүйіспеншілік қана емес, сонымен қатар, туған жерін өркендетуге ұмтылу, мәдени мұраны құрметтеу, ұлттық болмысқа адал болу өзінің ана тілінде сөйлеу арқылы басұаларға үлгі болу сияқты қасиеттерді қамтиды.
Патриотизм қоғамда, әртүрлі салаларда да айқын көрінеді: Атап айтсақ, білім мен ғылымда елге қажетті маман болуға ұмтылу, ғылыми жаңалықтар арқылы Қазақстанды дамытуға қызмет ету. Мәдениет пен өнер саласында ұлтымыздың дәстүрін, өнерін, тілін насихаттау болса, кәсіпкерлікте отандық брендтер шығару, жұмыс орындарын ашу. Спортта Халықаралық додаларда ел намысын қорғау. Ақпараттық кеңістік: Қазақтілді контентті дамыту, ұлттық идеяларды тарату арқылы ықпал етушілер деп ойлаймын.
– Қазақ тарихында патриотизм қандай сипатта болды? Тәуелсіздіктен кейін ше?
– Қазақ халқының бүкіл тарихы — елін, жерін қорғау жолындағы ерлікке толы болды. Мысалы, жоңғар шапқыншылығы кезінде қолына қару алып, елін қорғаған Қаракерей Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сынды батырлар — патриотизмнің жарқын үлгісі болды. Әр қоғамның әр тарихи оқиғалардың осындай кейіпкерлері болды. Кейінірек, патриотизм Алаш арыстарының әрекеттерінде көрініс тапты. Олар білім мен ғылым арқылы халықтың көзін ашуға, бодандықта қалған ұлттың санасын оятуға өркениетке жетелемек болды. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының “Ел — бүгіншіл емес, болашақшыл болу керек” деген сөзінде нағыз отансүйгіштік жатыр.
Тәуелсіздіктен кейін, патриотизм жаңаша сипатқа ие бола бастады . Тарихи сананы жаңғыртуға, рухани құндылықтарға қайта оралуға, ұлттық мүдде жолындағы еңбек ету — осының бәрі жаңа дәуірдің патриотизміне айналды деп ойлаймын
– Патриотизмнің қазіргі заманауи көріністері қандай?
– Қазіргі заманғы патриотизмнің жаңа үлгілерін қазіргі жастар түрлі жолмен көрсетуде.Оны бірнеше бағыттарға бөліп қарастыруға да болады. Айталық, қазіргінің тілінде Digital-патриотизм деп атауға болады. Мысалы: TikTok, YouTube, Instagram сияқты желілерде қазақ тілінде сапалы контент жасап, оны насихаттап жүрген жастар да бар.Тағы да Экологиялық патриотизм: табиғатты қорғау, экосана қалыптастыруда жастарымыз еріктілер тобын құрып көшеге шығып үлес қосып жатыр. Одан кейін еліміздің білімін халықаралық деңгейге танытып жатқан жастар бар. Мұны интеллектуалдық патриотизм деуге болады. Олимпиада, халықаралық ғылыми жобаларда ел атын таныту, және ұлттық стильді дәріптеуге этно-дизайн, ұлттық тағамдар немесе ұлттық музыкаға деген қызығушылықтарының артуы, оны дәріптеу жататын шығар. Қазір оқушылар жастардың осындай контенттары арқылы әлеуметтік желінің қолданушылары болып табылалы
– Білім беру жүйесінде патриоттық тәрбие қалай көрініс тауып жатыр?
– Қазіргі білім беру саласында әрбір пәнде құндылыққа бағыттау, патриотизмді насихаттау орын алып отырады. Осы орайда Қазақстан мектептері мен ЖОО-ларында патриоттық тәрбиеге ерекше көңіл бөлінуде. Мектептегі патриотизмге баулу Қазақстан тарихын терең оқида, “Өлкетану”, “Абайтану”, “Қазақ халқының салт-дәстүрлері” сияқты вариативті сабақтар арқылы да ұлттық болмысқа баулынады. Мектептерде түрлі практикалық жобалар, жергілікті өлке тарихымен танысу, қазақ батырлары туралы көрмелер мен ашық сабақтардың да орны ерекше.“Жас сарбаз”, “Жас ұлан” ұйымдары, АӘД пәні балаларға отансүйгіштікке тәрбиелеудің баспалдақтары. Бұл мектеп партасында отырған ел болашағы саналатын жас буынның санасына ұлттық рухты сіңірудің тиімді жолы болып табылады. Қазіргі уақытта мектепте жүзеге асырылып жатқан Еліміздегі ауқымды “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы.
- Әңгімеңізге рақмет!
Арман БЕЙБІТҰЛЫ
altyalash.kz