Атырауда полиция дрондардың көмегімен қоғамдық бақылауды күшейтті – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Қараша 22, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Атырауда полиция дрондардың көмегімен қоғамдық бақылауды күшейтті

22.11.2025
0
Атырауда полиция дрондардың көмегімен қоғамдық бақылауды күшейтті

18 қарашадан бастап Атырау облысы полиция департаменті жанындағы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізуді бастады.

Басты мақсат – азаматтарға қауіпсіздік шараларын естен шығармау керектігін түсіндіру және өз өмірін қорғауға бағытталған қарапайым ережелерді сақтаудың маңызын жеткізу. Іс-шара барысында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері қараусыз жүрген малды анықтау үшін дрон пайдаланып, тасжол бойындағы бақылауды күшейтуде.

Полицейлердің айтуынша, бұл әдіс малды нақты қадағалап, жол үстіндегі қауіптің алдын алуға мүмкіндік береді. Апаттардың алдын алу үшін бүгінде полиция қызметкерлері жасырын патрульдеу, дрон арқылы әуеден бақылау, жылдамдық өлшеу құрылғыларын пайдалану, сондай-ақ жүк көліктері мен автобустарды нысаналы тексеру сияқты кешенді шараларды қолға алды.

Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты – жолдағы тәртіпті күшейтіп, жүргізушілердің де, жаяу жүргіншілердің де қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

— Өңірде жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау мақсатында жол сақшылары тәулік бойы қызмет атқарып, жүргізушілер арасында түсіндіру жұмыстарын үздіксіз жүргізіп келеді. Соған қарамастан, жүргізушілер тарапынан жол ережелерін өрескел бұзу деректері әлі де кездесуде. Әсіресе жылдамдықты арттыру, қарсы бағытқа шығу, басып озу ережесін сақтамау және малды бағусыз жіберу – жол-көлік оқиғаларына тікелей әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Биыл дрондарды пайдалану арқылы бірнеше қараусыз жүрген мал анықталды. Бұл бағыттағы бақылау жұмыстары одан әрі күшейтіледі, — деді Атырау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Әбдіғани Сейдуалиев.

Айта кетейік, жыл басынан бері малдың қатысуымен 33 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 3 адам қаза тауып, 57 азамат түрлі дене жарақатын алған. Сондықтан тәртіп сақшылары тұрғындардан жол ережесін бұзбауға, малды қараусыз қалдырмауға және жолдағы қауіпсіздікті сақтау мәселесіне барынша жауапкершілікпен қарауын сұрайды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

«Алқа» әдеби клубында жасанды интеллектің әдебиетке әсері талқыланды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.