Бұл – орман мекемелерінің материалдық-техникалық базасын дамытуға қосылған үлкен үлес – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Қаңтар 31, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Бұл – орман мекемелерінің материалдық-техникалық базасын дамытуға қосылған үлкен үлес

30.01.2026
0
Бұл – орман мекемелерінің материалдық-техникалық базасын дамытуға қосылған үлкен үлес

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша табиғи өрттердің алдын алу жүйесін жаңғырту және орман саласының материалдық-техникалық базасын нығайту бағытында ауқымды жұмыс жүргізілуде.

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңірдің орман мекемелеріне 79 бірлік арнайы өртке қарсы техниканы табыстады. Орман шаруашылықтарының қарамағына 36 орман-өрт кешені, 17 трактор және 26 жеңіл патрульдік автокөлік берілді. Бұл техника өрт ошақтарына жедел әрекет етуге мүмкіндік беріп, өрт қауіпті кезеңде алдын алу жұмыстарын күшейтуге септігін тигізеді.

«Соңғы үш жылда орман мекемелерін жарақтандыруға 8 млрд теңге бағытталды. Осы кезеңде 26 өрт сөндіру көлігі, 86 трактор, 39 орман өртін сөндіру кешені және 78 автокөлік сатып алынды.
Биыл қосымша 25 өрт сөндіру көлігі мен 9 трактор жеткізу жоспарланып отыр. Бұл саланың материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайта түседі», – деп атап өтті Қостанай облысының әкімі.

Техниканы жаңартумен қатар, өңірде кадрлық әлеуетті күшейту жұмыстары да жүргізілуде. Орман күзеті қызметкерлерінің штаты бір жарым есеге артты, ал жалақысы 100 пайызға ұлғайтылды. Бұл орман қорғау жүйесінің тұрақтылығы мен қызметкерлердің ынтасын арттыруға ықпал етеді.

«Біз бүгін 17 бірлік арнайы техниканы қабылдап алдық. Бұл – орман мекемелерінің материалдық-техникалық базасын дамытуға қосылған үлкен үлес. Ең бастысы, бұл техника қызметкерлеріміз бен елді мекендердің өрт қауіпсіздігі деңгейін арттырады», – деп «Үзынкөл орман шаруашылығы мекемесі» КММ басшысының орынбасары Валентина Андрейчук өз әсерімен бөлісті.

Қостанай облысының әкімі материалдық-техникалық базаны жаңарту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын, сонымен қатар кадр даярлау, цифрландыру және өрттің алдын алу бағыттарына баса назар аударылатынын атап өтті.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Павлодарда ЖБО камераларының көмегімен 24 қылмыстың беті ашылды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.