Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Әлем чемпионатындағы алтын – Руслан Құрбанов 44 елдің ішінен үздік атанды

Бұл күндері Германияның Хайденхайм қаласында семсерлесуден әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр.

Бүгін Ұлттық құрама көшбасшысы, әлем чемпионатының қола жүлдегері Руслан Курбанов жекелей сынның жеңімпазы атанды. Ол ақтық сында әлем чемпионатының күміс жүлдегері Давиде ди Веролиді (Италия) жеңді. Есеп: 15:14.

Отандасымыздың жекпе-жектер нәтижесі мынадай:
1/32 айналым: Эльмир Әлімжанов (Қазақстан) 15:14✅️
1/16 айналым: Давид Надь (Мажарстан) 15:13✅️
1/8 айналым: Акира Комата (Жапония) 15:11✅️
1/4 кезең: Никита Жулинский (Қазақстан) 15:14 ✅️
Жартылай финал: Тристан Тюлен (Нидерланд) 15:9 ✅️

Сонымен қатар, бұл жарыста алғаш рет Ұлттық құраманың 4 спортшысы – Руслан Курбанов, Никита Жулинский, Кирилл Проходов пен Александр Федотов ТОП-16 қатарына кірді. Хайденхаймдағы кезеңде 44 мемлекеттің 373 үздік семсерлесу шебері күш сынасып жатыр.

Еске сала кетейік, былтыр жазда Грузия астанасы Тбилисиде өткен семсерлесуден әлем чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы кіші финалда Францияны жеңіп, қола медаль жеңіп алған. Бұл спорттың осы түріндегі тарихи жүлде саналады.

Ұқсас жаңалықтар

Астанада ірі көлемде алаяқтық жасаған азамат ұсталды

admin_altyalash

Қарағанды облысында жылқылар қырылып жатыр

admin_altyalash

Желіде заңсыз лотерея ойнатқан блогер жауапқа тартылды

admin_altyalash