Ұлттық ұланда сенімге негізделген жаңа жүйе енгізілуде – Altyalash.kz
Tuesday, March 3, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Ұлттық ұланда сенімге негізделген жаңа жүйе енгізілуде

02.03.2026
0
Ұлттық ұланда сенімге негізделген жаңа жүйе енгізілуде

   ҚР ІІМ Ұлттық ұланында әскери ортадағы өзара қолдау мен жауынгерлік бауырластықты нығайту мақсатында “Ұландық дос” жобасы қолға алынды.

     Бұл бастама елордада орналасқан 5573 әскери бөліміндегі мерзімді әскери қызметшілер арасындағы сенімді арттыруға бағытталып, алғашқы оң нәтижелерін көрсетіп жатыр.

     Жаңа жүйеде сарбаздар 2-5 адамнан шағын топтарға біріктіріледі. Олар қызмет барысында да, күнделікті әскери өмірде де бір-біріне тірек болып, туындаған мәселелерді шешуге және моральдық тұрақтылықты сақтауға көмектеседі. Бастама шеңберінде әр өңірден келген жастар бір-біріне бауыр басып үлгерді.

     Мәселен, Шымкенттен мерзімді әскери қызметке шақыртылған қатардағы Мұхамедәлі Құралбек пен Семей тумасы Данияр Кеңесов алғашында бір-біріне мүлде бейтаныс болған. Мұхамедәлі Ұлттық ұлан сапына Даниярдан кейін қосылған. Жаңа орта, жаңа талап, жаңа тәртіп – әр сарбаз үшін жауапты кезең. Сол сәтте Данияр жаңадан келген қаруласына алғашқы күннен-ақ қолдау білдіріп, әскердің күн тәртібіне тез бейімделуіне көмектесті.

     “Ұландық дос” аясында бір топқа біріктірілгеннен кейін жігіттер қысқа уақыт ішінде тіл табысып кетті. Олар бірге жауынгерлік кезекшілікке түседі, жауынгерлік дайындықта бір-біріне көмектеседі, тапсырманы қатар орындайды. Біреуі шаршап тұрса, екіншісі демеп жібереді. Осындай өзара сенім олардың әскери ұжымға тез сіңісіп кетуіне мүмкіндік берген.

– Бос сәттерде біз жиі әңгімелесіп, туған жерімізді еске аламыз. Мен Даниярға оңтүстіктің салт-дәстүрін айтып беремін, ал ол семейлік өңірдің ерекшеліктерімен бөліседі. Осылайша саптағы серіктестік бірте-бірте шынайы достыққа айналды, – дейді қатардағы Мұхамедәлі Құралбек.

     Бөлім қолбасшылығының айтуынша, бұл тәсіл командирлерге жеке құрамның көңіл күйін бақылауға, туындаған мәселелерді дер кезінде анықтауға көмектеседі. Айта кетсек, жоба қазір пилоттық форматта іске асырылуда. Егер бастама өз нәтижесін көрсетсе, “Ұландық дос” әдістемесі Ұлттық ұланның барлық әскери бөліміне енгізілмек.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Алғыс айту күні: Ұлттық ұлан жауынгерлері бейнеқұттықтау жолдады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Кардиохирургтар айналмалы артерияға стентті сәтті имплантациялады

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.