Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтар

Мемлекет басшысы энергетика министрі Ерлан Ақкенженовті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі отын-энергетика кешенінің жағдайы, негізгі жобаларды жүзеге асыру барысы және секторды одан әрі дамыту жоспары жөнінде есеп берілді.

Президентке мұнай саласында орнықты динамика сақталып тұрғаны айтылды. Сондай-ақ Мемлекет басшысына мұнай өңдеуді ұлғайту жоспары баяндалды. Сол арқылы Шымкент мұнай өңдеу зауыты жылына – 6-дан 12 миллион тоннаға, Атырау мұнай өңдеу зауыты – 5,5-тен 6,7 миллион тоннаға және Павлодар мұнай-химия зауыты 5,5-тен 9 миллион тоннаға дейін өндірістік қуатын арттырады.

Ерлан Ақкенженов 2029 жылға дейін салынатын жаңа энергетикалық нысандар жайында мәлімет берді. Биыл Алматы қаласында екінші жылу электр орталығының құрылысы аяқталады. Сонымен қатар Қызылорда мен Түркістан облыстарында бу-газ қондырғылары базасында электр станциясы бой көтереді. Бұдан бөлек, «Көмір өндіруді дамыту» ұлттық жобасының әзірлену барысы туралы ақпарат ұсынды.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысына елорданы көгалдандыру және абаттандыру жоспары таныстырылды

admin_altyalash

Батыс Қазақстан облысында 15 үйдің иесі табылмай жатыр

admin_altyalash

Өңір «Ауыл аманаты» жобаларының саны бойынша алдыңғы қатарда

admin_altyalash