Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтар

Астанадағы MEGA Silk Way сауда орталығында «Бақыт деген» музыкалық флешмобы өтті

Елордадағы MEGA Silk Way сауда-ойын-сауық орталығында «Бақыт деген» атты музыкалық флешмоб өтті. Іс-шара мерекелік күнге орай ұйымдастырылып, Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасын қолдау мақсатында өткізілді. Акция барысында қатысушылар танымал «Бақыт деген» әнін жанды дауыста орындап, қарапайым кездесуді әсерлі қоғамдық перформансқа айналдырды.

Флешмобтың сюжеті алғашында қарапайым көріністен басталды: жас жігіт сүйіктісін қолына гүл шоғын ұстап қарсы алып, гитарамен баяу әуен ойнай бастайды. Алайда әннің алғашқы қайырмасынан бастап сауда орталығындағы түрлі бутиктерден қатысушылар шығып, әнге күтпеген жерден қосыла бастайды. 

Әрбір қайырма сайын орындаушылар саны көбейіп, көрермендер үшін тосын әсерге толы көрініс қалыптасты. Осылайша қарапайым музыкалық бастама біртіндеп ауқымды хормен орындалатын әсерлі қойылымға ұласып, сауда орталығының кеңістігін қуаныш пен мерекелік көңіл-күйге бөледі. 

Флешмобтың шарықтау шегі финалдық қайырманың бәрі бірге орындалған сәтінде болды. Сол кезде жас жігіт сүйіктісіне жақындап, гүл шоғын ұсынып, бір тізерлеп отырып, өзінің сезімін ашық білдірді. 

Ұқсас жаңалықтар

Досаев Ақкентте болған өртте көз жұмған әйелдің отбасына көңіл айтты

admin_altyalash

КЕЛЕСТЕГІ ЕЛДІ МЕКЕН ДИҚАНДАРЫНЫҢ АҒЫН СУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ

admin_altyalash

«Айка тізімі». Жеңгетайлықпен айналысқандарға сот үкімі шықты

admin_altyalash