Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтар

ЖАҢАҚОРҒАН ӘЖЕЛЕР АНСАМБЛІ ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Жайылма ауылының «Жайылма жауһарлары» әжелер ансамблі референдум учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады. Өнерлі әжелер ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан қалыс қалмай, азаматтық белсенділіктерін көрсетті. Жайылма ауылдық клубы жанынан құрылған «Жайылма жауһарлары» әжелер ансамблі 2019 жылы ұйымдастырылған. Топ құрамында 8 әже бар. Қазіргі таңда ауылдағы бірде-бір мәдени іс-шара бұл ансамбльдің қатысуынсыз өтпейді. Сонымен қатар, ұжым аудандық және облыстық байқауларда жүлделі орындарға ие болып, ауыл мәдениетінің дамуына өз үлестерін қосып келеді.

Ұқсас жаңалықтар

Елордалық спортшылар екі алтын және екі күміс медаль жеңіп алды

admin_altyalash

Қазақстан теннисшілері ITF Juniors J300 турнирінің жеңімпазы атанды

admin_altyalash

Қазақстанда рулі оң жақта орналасқан таксилер жұмысын тоқтатады

admin_altyalash