Білім берудегі әділетсіздікке тосқауыл: Депутат емтихандарды цифрлық форматқа көшіруді талап етті – Altyalash.kz
Thursday, March 19, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Білім берудегі әділетсіздікке тосқауыл: Депутат емтихандарды цифрлық форматқа көшіруді талап етті

18.03.2026
0
Білім берудегі әділетсіздікке тосқауыл: Депутат емтихандарды цифрлық форматқа көшіруді талап етті

Мәжіліс депутаты Әбутәліп Мүтәлі Үкіметке жолдаған сауалында жоғары және орта білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерді көтеріп, білім сапасын бақылауды толық цифрландыруды ұсынды. Халық қалаулыларының айтуынша, бірқатар оқу орындарында студенттер формалды түрде тіркеліп, іс жүзінде білім алмай-ақ диплом иеленіп жатыр.

Депутаттар соңғы жылдары кейбір жекеменшік университеттер мен колледждерде студенттерді тек қағаз жүзінде оқытып, олардың оқу процесіне нақты қатысуына жеткілікті бақылау жасалмай отырғанын атап өтті.

«Студенттер оқуға қабылданғандар тізімінде болғанымен, іс жүзінде сабақтарға қатыспайды немесе бағдарламаларды аяқтамайды, бірақ дипломдарын маман болып шықты деп кедергісіз алып жатыр», делінген сауалда.

Халық қалаулылары мұндай жағдайдың салдары ауыр болуы мүмкін екенін ескертті.

«Қағаз жүзінде ғана кәсіби мамандардың болашағы күмәнді. Олар еңбек нарығында сұранысқа ие болмай, кейін әлеуметтік көмекке тәуелді топқа айналуы мүмкін», деді Әбутәліп Мүтәлі.

Сонымен қатар мұндай келеңсіз тәжірибе отандық білім беру жүйесінің беделіне нұқсан келтіретіні айтылды.

«Академиялық жүйеге «хакинг» жасадық деп жүргендер бүкіл университеттер қауымдастығының имиджіне залал келтіреді», деді Әбутәліп Мүтәлі.

Мәселенің жүйелі сипаты ресми деректермен де расталып отыр. Уәкілетті орган мәліметінше, соңғы жылдары 25 университеттің 60 лицензиялық қосымшасы тоқтатылған. Бұл салада бақылауды күшейту қажеттігін айғақтайды.

Депутаттар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім беру жүйесіндегі түйткілдерге қатысты айтқан сынын да еске салды. Президент кадр даярлау ісі жасанды интеллект пен жаңа технологиялардың дамуынан қалып отырғанын, оқу бағдарламалары заман талабына сай келмейтінін атап өткен.

Осыған байланысты халық қалаулылары дәстүрлі бақылау тәсілдері бүгінгі талапқа жауап бермейтінін алға тартты.

«Цифрландыру дәуірінде білім беру саласында қалам мен қағазбен жұмыс істеу ұтымсыз. Ал біздің жастарымыз осындай кемшіліктерден зардап шегуде», деді депутат.

Депутат білім сапасын арттыру үшін аралық және қорытынды емтихандарды толық цифрлық форматқа көшіруді ұсынды.

«Прокторинг пен жеке басты сәйкестендіруді пайдалану білім беру процесінің ашықтығын қамтамасыз етеді, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады және бағалауды қолдан өзгертуге жол бермейді», деп атап өтті ол.

Сондай-ақ Әбутәліп Мүтәлі жоғары оқу орындарының әділетсіз тәжірибесіне «цифрлық тосқауыл» қою қажеттігін жеткізді. Олардың пікірінше, дәл осындай тәсіл ғана білім беру ұйымдарының жауапкершілігін арттырып, кадр даярлау сапасына бақылауды күшейте алады.

Осыған байланысты депутаттар Үкіметке бірқатар ұсыныс жолдады. Атап айтқанда, жасанды интеллект негізіндегі прокторинг, тұлғаны цифрлық сәйкестендіру және талдамалық жүйелерді міндетті түрде енгізу арқылы жоғары білімнің мемлекеттік стандарттарына өзгерістер енгізу ұсынылды. Сонымен қатар «Мемлекеттік бірыңғай прокторинг жүйесін» іске қосу қажеттігі айтылды.

Бұдан бөлек, нақты мерзімдері, жауапты тұлғалары және тиімділік көрсеткіштері айқындалған оқу процесін цифрлық бақылауға көшіру жөніндегі жол картасын әзірлеу ұсынылды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Конституциялық реформа және Қазақстанның келешегі: ҚСЗИ шетелдік сарапшылармен бірлесіп дайындалған баяндаманы ұсынды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Әлихан Бөкейханов – 160 жыл ұлтына қызмет еткен Әлихан

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.