Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

Ұлықбек көшесін ұзарту жобасы 2014 жылдан бері Бас жоспарға енгізілген

Алматы әкімдігі Шұғыла шағынауданындағы «Sensata City» тұрғын үй кешені тұрғындарының Ұлықбек көшесін ұзарту үшін жергілікті билік тұрғын үй кешеніне тиесілі жерді алып жатыр деген шағымына түсініктеме берді.

Наурызбай ауданының 2014 жылы құрылғаны белгілі. Сол кезде қаланың Бас жоспарына сәйкес әзірленген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасында Ұлықбек көшесін Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейін ұзарту қарастырылған.

2021 жылы қалалық Сәулет және қала құрылысы басқармасы «Sensata City» тұрғын үй кешенінің құрылысына арналған жобалау алдындағы құжаттарды берген.

Тұрғын үй кешенінің эскиздік жобасы жоспарланып отырған Ұлықбек көшесінің қызыл сызық шекарасына дейінгі қала құрылысы шектеулерін ескере отырып келісілген. Яғни, тұрғын үй кешенінің оңтүстігіндегі аумақ бастапқыда жол салуға арналған, сондықтан оны өзге мақсатта пайдалану қарастырылмаған.

Осыған байланысты тұрғындардың үй маңындағы аумаққа тиесілі жерлерді иеліктен шығару туралы мәлімдемесі шындыққа жанаспайды.

Бекітілген эскиздік жобаға сәйкес «Sensata City» тұрғын үй кешенінде 334 автотұрақ орны қарастырылған. Автотұрақ орындарының жетіспеушілігіне қатысты мәселені тұрғындар құрылыс салушы компаниямен азаматтық-құқықтық тәртіпте шешуі қажет.

Ұқсас жаңалықтар

Қола монета, жебе ұштары, былғары және жібек сияқты көне заттарды тапты

admin_altyalash

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА 135 ПӘТЕРЛІК ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

admin_altyalash

Саран қаласында жаңа зауыттар іске қосылуға дайындалуда

admin_altyalash