Агроөнеркәсіп кешенінің қазіргі жағдайы ел экономикасы үшін маңызды бағыттардың бірі болып отыр. Бұл саладағы даму деңгейі бірқатар жетістіктермен қатар, шешімін күткен түйткілдерді де көрсетеді. Атап айтқанда, өндіріс тиімділігі, инфрақұрылым сапасы және технологиялық жаңару мәселелері әлі де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Мысалы, бізде ауыл шаруашылығында халықтың шамамен 12 пайызы жұмыс істейді.
Сала дамуына кері әсер ететін негізгі факторлардың қатарында қаржыландырудың жеткіліксіздігі, заманауи техниканың баяу енгізілуі және нарыққа шығу тетіктерінің толық жетілмеуі аталады. Сонымен бірге, табиғи-климаттық тәуекелдер де ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақтылығына ықпал етеді.
Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені соңғы жылдары тұрақты өсім көрсетіп келеді. Былтыр ауыл шаруашылығы өнімдерінің сыртқы нарыққа шығарылу көлемі 7 миллиард АҚШ долларына дейін жетіп, бір жыл ішінде айтарлықтай артқан. Майлы дақылдарды қайта өңдеу саласын дамытуға бағытталған бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылмақ. Бұл бағытта жалпы құны 94 миллиард теңгені құрайтын 13 инвестициялық жоба іске қосу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, астықты терең өңдеу саласында ауқымды бастамалар қолға алынбақ. Аталған бағытта 1,9 триллион теңгеге бағаланған 6 ірі жоба жүзеге асырылады деп күтілуде. Ал сүт өңдеу өнеркәсібінде 41 миллиард теңгені құрайтын 12 жоба іске қосылмақ. Бұл жобалар іске асқан жағдайда елде қосымша 165 мың тоннаға дейін қайта өңдеу қуаты пайда болады.
Саладағы негізгі өсім факторларының бірі – ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеу бағыттарының дамуы. Мамандардың айтуынша, ел экономикасы үшін тек өнім өндіру емес, оны ішкі нарықта өңдеп, қосымша құны жоғары тауар шығару маңызды рөл атқарып отыр.
Сондай-ақ терең өңдеу бағытында да жаңа өндірістер қалыптасып келеді. Астықтан тек ұн емес, крахмал, глютен және биоэтанол сияқты жоғары технологиялы өнімдер өндіру жолға қойылған. Үкімет алдағы жылдары агроөңдеу саласын одан әрі дамытуға ниетті. Бірнеше жаңа зауыттар салу жоспарланып, бұл жобаларға ірі көлемде инвестиция тартылмақ. Нәтижесінде мыңдаған жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында өңделген өнімдердің үлесі де артып келеді. Соңғы жылдары ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу деңгейі тұрақты түрде өсіп, ішкі нарықпен қатар экспорттық әлеуетті күшейтіп отыр.
altyalash.kz
