Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Әскери қызметшілер қазақ күресі мен самбодан 10 алтын медаль жеңіп алды

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің әскери қызметшілері арасында өткен қазақ күресі мен самбо чемпионатында қазақстандық балуандар 10 алтын медаль жеңіп алып, ұлттық және әскери-қолданбалы спорт түрлеріндегі жоғары дайындық деңгейін дәлелдеді.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ұйымдастырған спорттық жарыстар Алматы қаласындағы Армияның орталық спорт клубы базасында өтті.

Жарысқа Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстаннан 70-тен астам спортшы қатысты.

Қазақ күресі бойынша жарыс қорытындысында Қазақстан құрамасы 8 алтын медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді. Екінші орын – Ресей құрамасына, үшінші орын – Қырғызстан командасына бұйырды.

Самбо турнирінде қазақстандық спортшылар 2 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте екінші орынға тұрақтады. Бірінші орынды Ресей самбошылары, үшінші орынды Тәжікстан спортшылары алды.

Әскерлердің  жолдастық XVII Спартакиадасы аясында өткен чемпионат әскери қызметшілердің жоғары дайындық деңгейін, рух күшін және шеберлігін көрсетті. Жарыстар ТМД елдері әскерлері арасындағы спорттық ынтымақтастықты нығайтатын маңызды алаңға айналды.

Ұқсас жаңалықтар

«Миллиардтар текке кетті»: Аудиторлық палата денсаулық сақтау министрлігі жұмысын сынады

admin_altyalash

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жүйесін нығайту: ҚР ТЖМ-ге жаңа 11 әуе кемесі сатып алынады

admin_altyalash

ҚЫЗЫЛОРДАДА 1500 ОРЫНДЫҚ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕБІ» АШЫЛДЫ

admin_altyalash