Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарЗаң мен тәртіп

Түркістан облысында дрон арқылы жол ережесін бұзған 20-дан астам жүргізуші тіркелді

Түркістан облысының Төлеби ауданында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуын дронның көмегімен әуеден бақылап, бір тәулік ішінде 20-дан астам құқық бұзушылықты анықтады.

Жүргізушілердің бірі қауіпсіздік белдігін тақпаса, енді бірі жаяу жүргіншілерге жол бермеген. Сондай-ақ қарсы қозғалыс жолағына шыққан жүргізушілер де тіркелді. Мұндай әрекеттер жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төндіреді.

Барлық құқық бұзушылық бойынша тиісті шаралар қабылданды.

Дрондарды пайдалану жол қозғалысын бақылау мүмкіндігін кеңейтіп, жерден байқау қиын құқық бұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Бұл жолдағы тәртіпті нығайтуға және қауіпті жағдайлардың алдын алуға бағытталған.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Рөлде отырған әрбір адамның жауапкершілігі жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.

Ұқсас жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда жартылай марафон өтеді

admin_altyalash

Астанада аялдаманы сындырған ер адам қамауға алынды

admin_altyalash

Талғат АЛМАНОВ: Журналиске берілуі мүмкін ең жоғары мәртебе – еркіндік

admin_altyalash