Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарЗаң мен тәртіп

Мүлікті бүлдірудің 70-ке жуық жағдайы анықталды: Астанада вандализммен күрес күшейді

Елордада бөтеннің мүлкін бүлдіру және вандализм жағдайын анықтау, сол сияқты оның алдын алу жұмысы жүйелі түрде жүріп жатыр. Негізгі назар құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қала инфрақұрылымы нысандарына ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға аударылған. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қалада бейнебақылау камералары орнатылып, қоғамдық орындарға тұрақты мониторинг жүргізіледі. Полиция қызметкерлері тұрғындар арасында түсіндіру жүргізіп, дауыс зорайтқыш құрылғылар мен дрондарды да пайдаланады. Олар азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтап, ортақ мүлікке ұқыпты қарауға шақырады.

Жыл басынан бері елордада мүлікті бүлдірудің 70-ке жуық жағдайы тіркелген. Көбіне аялдама павильондары, орындықтар, қоқыс жәшіктері мен жарнамалық құрылымдар бүлінеді.

Тұрғын үйлердің кіреберістеріндегі бейнебақылау камералары мен лифт жабдықтарын да жиі зақымдап кетеді.

Полиция бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені үшін заңнамаға сай жауапқа тарту ісі қарастырылғанын ескертеді. Құқық бұзушылар келтірілген шығынды өтеуге, айыппұл төлеуге міндеттеледі, сондай-ақ әкімшілік қамауға да алынуы мүмкін.

Полиция департаменті азаматтарды мұндай жағдайларға бейжай қарамауға шақырады. Вандализм жағдайы байқасаңыз, дереу «102» нөміріне хабарлау қажет.

Сондай-ақ өскелең ұрпаққа тәрбие беруге, қоршаған орта мен ортақ мүлікке құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ерекше мән беру керек.

Ұқсас жаңалықтар

Дроны следят за стройками, ЖКХ и природными ресурсами Акмолинской области

admin_altyalash

Свыше 820 тысяч человек посетили музеи Казахстана в первом квартале 2026 года

admin_altyalash

Маңғыстауда семіздікке шалдыққан екі науқасқа ота жасалды

admin_altyalash