Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарМәдениет

Алматыда Темірбек Қожакеевтің 100 жылдығына арналған еске алу кеші өтті

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында белгілі журналист, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Темірбек Қожакеевтің туғанына 100 жыл толуына арналған еске алу кеші өтті.

Іс-шараға шығармашылық зиялы қауым өкілдері, журналистер, ғалымның әріптестері, шәкірттері мен туған-туыстары қатысты.

Кеш аясында Темірбек Қожакеевтің қайта басылып шыққан «Көк сеңгірлер» және «Үркіншілік» кітаптары таныстырылды.

Қатысушылар ғалымның өмірі мен шығармашылық жолы, қазақ журналистикасының дамуына қосқан үлесі, сондай-ақ ғылыми-педагогикалық қызметі туралы ой бөлісті.

Темірбек Қожакеұлы Қожакеев қазақ сатирасының тарихы мен жанрлық ерекшеліктерін зерттеп, сатиратану ғылымының дамуына елеулі үлес қосты. Ол – «Қазақ сатирасы», «Абай – сатирик», «Сатира және дәуір», «Сатира негіздері» сынды бірқатар іргелі ғылыми еңбектің авторы.

Еске алу кеші Темірбек Қожакеевтің ғылыми және шығармашылық мұрасын сақтау мен насихаттауға, жас ұрпақты ғалымның еңбектерімен таныстыруға арналды.

Ұқсас жаңалықтар

Шенеунік тәртіптік жазаға тартылды

altyalash_kz

Алматыда Әдебиет академиясы залы ашылды

altyalash_kz

Мемлекет басшысы Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

altyalash_kz