Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтар

Қазақстанда Pfizer-дің қанша дозасы бар

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде Pfizer вакцинасының қанша дозасы бар екенін айтты, деп хабарлайды altyalash.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қазақстанға 379 мың доза мөлшерінде Сomirnaty (Pfizer) вакцинасының бірінші партиясы келіп түсті. Екінші партияны жеткізу 20 қарашаға дейін жоспарланған. Вакцинация республиканың 7 өңірінде басталды. Олар Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Нұр-сұлтан, Шымкент қалалары. Бүгінгі күні 13 бала мен 247 жүкті және бала емізетін әйел екпе алды», – деді министр Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, ведомство басшысы Pfizer вакцинасын алғысы келетін халықтың сұранысын қанағаттандыру үшін ақылы нарыққа жеткізуді ұсынды.

«ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметіне COVID-19-ге қарсы Comirnaty (Pfizer) вакцинасын халық қалауы бойынша коммерциялық нарық сегментіне шығару ұсынылды. Қолдауларыңызды сұраймын», – деді Алексей Цой.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекеттік қызметкерлердің жекелеген санаттарының жалақысы 20 пайызға өседі

admin_altyalash

Мемлекет басшысы Әзербайжанның Сыртқы істер министрін қабылдады

admin_altyalash

Президент Жолдауын іске асыру: экономикалық даму мен тұрақтылықты нығайту үшін өңірлердің дербестігін арттыру

admin_altyalash