Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыБасты жаңалықтарСпорт

Футбол: «Каспийдің» бас бапкері «Астанаға» ауысты

«Каспий» футбол құрамасының бас бапкері Срджан Благожевич «Астана» ФК-мен келісімшартқа отырды. Бұл туралы футбол клубының баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп хабарлайды altyalash.kz mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Срджан Благоевич өз елінде әртүрлі клубтарды басқарды, бапкерлік тәжірибесі мол. Бапкердің соңғы жұмыс орны – ақтаулық «Каспий», ол екі маусым бойы жұмыс істеп, мықты команда құра білді», – делінген ресми хабарламада.

Айтуынша, «Астана» ФК бапкермен екі жылға келісімшарт жасаған.

Еске сала кетейік, Срджан Благоевич «Каспий» футбол командасын 2020 жылдың ақпан айынан бастап басқарған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

19 наурыз – Наурызнама онкүндігі бойынша Жаңару күні

admin_altyalash

Сыр елінде сенбілік жалғасуда

admin_altyalash

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Түркия вице-президенті Джевдет Йылмаз Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның отырысын өткізді

admin_altyalash