Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлнар Көркінбаева мәлімдеді, – деп хабарлайды altyalash.kz сайты Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
18 қараша күні «Комирнати» вакцинасының алғашқы партиясы, яғни 35 мың 100 доза облысқа жеткізілген. 22 қарашадан бастап жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін әйелдерді вакциналау басталды.
Ал Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек Жұмыровтың айтуынша, өңірде ревакциналау белсенді жүріп жатыр. Сонымен қатар медициналық ұйымдар жеткілікті дәрілік препараттар және жеке қорғаныс құралдарымен толық қамтылған.
«Қазіргі таңда облыс тұрғындары «Еркемед», «Ясин», «Нейрон», №1 Ақтау қалалық емханасы мен №2 Ақтау қалалық емханасында ревакцинациялаудан өтуде. Қазіргі таңда 86 медицина қызметкері, 1 мемлекеттік қызметкер, 4 күш құрылым қызметкері, 4 өндіріс қызметкері, 1 вахталық әдіспен жұмыс жасайтын қызметкер, 2 педагог және 7 тұрғын екпе алды. Өңірде ақпараттық түсіндіру жұмыстары және т.б. іс-шараларды белсендіру бойынша барлық әкімдіктер, санитарлық қадағалау департаменті және медициналық ұйымдарының жұмысы белсенді жүргізіліп жатыр», – дейді Аманбек Жұмыров.
Жалпы облысқа 532 520 доза вакцина жеткізілді. Оның 346 340 дозасы егілді. Қазір қолданыста ресейлік «Sputnik V», «QazVac», «Синовак вероселл», «CoronaVac», «Pfizer» вакциналары бар. I – компонентпен 184 671 (47,6%), II – компонентімен 161 669 (41,7%) адам егілді.