Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарҚоғам

Тоқаев: Ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі шаралардың кешенді жоспарын дайындауды тапсырды.

«Біздің елімізде ауқымды дағдарысты еңсеру үшін барлық қажетті резервтер мен құралдар бар. Үкімет шұғыл түрде дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі шаралардың кешенді пакетін іске асыруға міндетті. Ең алдымен, ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету қажет. Нарықтағы алыпсатарлық ешбір жағдайда біздің резервтерімізге әсер етпеуі керек. Үкімет, Ұлттық Банк, Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігі осы бағытта батыл шаралар қабылдауы қажет», деді Президент.

 

Ұқсас жаңалықтар

Президент Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевты қабылдады

admin_altyalash

«Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобындағы сенаторлар этносаралық қақтығыстардың алдын алу және проблемаларын талқылады

admin_altyalash

Майра Мұхамедқызы Парижде жеке концерт берді

admin_altyalash