Қараша айының 8 күні күні Алматы қаласында, қаласында №13 мектеп-гимназиясының 10 және 11 сынып оқушылар арасында «Лудоманияның салдары, себептері мен симптомдары» атты семинар-тренинг өтті.
Тренингті Жастар саясаты басқармасының «Салауатты өмір сүру» жобасы аясында «Social project management орталығы» қоғамдық қоры ұйымдастырды. Семинар спикері: психолог, психотерапевт, Қазақ психология қоғамының мүшесі Амангелді Мейрамбекұлы жастармен еркін сұқбат алаңын құрып, көкейлеріндегі сұрақтарға жауап берді.
Лудомания – тәуелділіктен туған ауру. Жастар арасында белең алған ойынға құмарлықтың салдарынан отбасынан, жұмысын айырылып, табыссыз қалғандар саны артқан. Аз ақшадан бастап ойнап ұтып, көп ақша тігіп ұтылғандар машинасын, үйін де тіккен. Осының салдарынан туындаған отбасылық дау-дамай талай отбасылардың ажырасып, екіге кетуіне ықпал етіп жатыр.
Жастар арасындағы құмар ойындарына тәуелділікті азайту мақсатында өткен шарада лудоманияның зияны мен салдары туралы толығырақ, тереңінен түсіндірілді. Сұрақ–жауап ұйымдастырылып, екі жақты интерактивті кездесу болды.