Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «QS Asia University Rankings 2023: Орталық Азия» рейтингінде 1-ші орын алып, Орталық Азиядағы бірінші жоғары оқу орны болып танылды.
2023 жылғы шығарылымда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ QS Asia University Rankings рейтингінде үздік 6% қатарына енді.
2009 жылдан бастап жыл сайын шығарылатын QS Asia University Rankings рейтингі жыл сайын Азияның үздік университеттерін бөліп көрсетеді. ҚазҰУ «QS Asia University Rankings» рейтингіне алғаш рет әлемге әйгілі Сингапур Ұлттық университеті, Пекин университеті, Токио университеті, Малай университеті, Корей университеттерімен қатар алғаш рет қатысып отыр.
Азияның 2023 жылғы үздік университеттерінің рейтингі 757 университеттің қызметін талдады. QS Asia University Rankings рейтингін жасау үшін пайдаланылатын 11 көрсеткіш мынадай:
Академиялық бедел (30%);
Жұмыс берушінің беделі (20%);
Оқытушылар мен студенттердің арақатынасы (10%);
Халықаралық зерттеу желісі (10%);
Мақалаға дәйексөздер (10%) және оқытушылардың мақалалары (5%);
Докторлық дәрежесі бар персоналдар (5%);
Шетелдік оқытушылардың үлесі (2,5%) және шетелдік студенттердің үлесі (2,5%);
Алмасу бойынша келген студенттердің үлесі (2,5%) және алмасу бойынша кеткен студенттердің үлесі (2,5%).
Бұл көрсеткіштің барлығы үздік университет қызметін объективті және толық сипаттайды. Жаһандық рейтинг нәтижелері бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жетістіктерін сараптай отырып, халықаралық рейтингтерде бірте-бірте және тұрақты өсуді көрсетіп, алға жылжып келеді.