Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Абу Даби тұрақты даму апталығы» саммитінің ашылу рәсіміне қатысты

Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аясында «Абу Даби тұрақты даму апталығы» саммитінің ашылу рәсіміне қатысты.

 

Саммиттің мақсаты – жаһандық қоғамдастықты біріктіретін және түрлі мәселелерде, жаңашыл серіктестік қатынастар мен инновациялық шешімдерде келісімге қол жеткізу үшін конструктивті диалогке  жол ашатын орнықты даму саласының күн тәртібін қалыптастыру және Климаттың өзгеру мәселелері жөніндегі БҰҰ 28-конференциясына (COP28) тың серпін беру.

 

Сонымен қатар жиынға Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Ангола президенті Жуан Лоренсу, Мысыр сыртқы істер министрі, Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ «COP27» конференциясы сессиясының 27-президенті Самих Шукри, сондай-ақ саясаткерлер, жаңартылатын энергия, технологиялық даму және инновация салаларының жетекшілері, инвесторлар мен кәсіпкерлер қатысты.

Ұқсас жаңалықтар

Ауаны ластаған көліктерге айыппұл салынды

admin_altyalash

Мемлекет басшысы әкімдермен және мемлекеттік органдардың басшыларымен кеңес өткізді

admin_altyalash

19 шілдеге арналған валюта бағамы

admin_altyalash