Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

10 мың қазақстандық шетелден алып келген көлігін заңдастырды

Қазақстанда шетелдік нөмірлі көліктерді заңдастыру жалғасып жатыр. Көкшетау тұрғыны 10 мыңыншы болып көлігіне жаңа нөмір алды. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

31 жастағы Азамат Еслямбеков Honda Odyssey маркалы автокөлікті Армениядан алып келген. Көлігін заңдастырып, қазақстандық техпаспорт пен мемлекеттік нөмір алды.

Заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.

Өтінім беру:

  • eGov.kz үкімет порталы арқылы; екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы;
  • ХҚКО арқылы жүзеге асады.

Ескерер жайт, автокөлік Қазақстанға 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінуі тиіс. Іздеуде, яғни қылмыстық есепте болмауы керек. Өзге мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы қажет.

Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автокөлік кедендік тазартудан өтуі керек.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандықтар 300-ден астам қайырымдылық шара ұйымдастырды

admin_altyalash

АЗАТТЫҚТЫҢ ӘР КҮНІ ҚЫМБАТ

admin_altyalash

Түркістан облысында депутат кәсіпкерді соққыға жықты

admin_altyalash