Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЖаһан жаңалықтары

Францияда зейнетақы мәселесі бойынша референдум өткізу жөніндегі өтініш тағы қабылданбады

Францияның Конституциялық кеңесі (КК) зейнеткерлік жасты 62 жасқа дейін шектеу мәселесі бойынша референдум өткізу туралы қайталама өтінішті қабылдамады.

BFM телеарнасының мәліметіне сүйенсек, ұсынысты солшыл партияның өкілдері дайындаған.  Олардың бірінші өтініші де 14 сәуірде қабылданбаған еді.
Дегенмен, партия мүшелері берілер емес, заң жобасы 8 маусымда қаралады.
Солшыл партия өкілдері Францияда сәуір айының ортасында қабылданған зейнет жасын 62-ден 64-ке көтеру туралы заңның күшін жоюды талап етіп отыр. Ол заң осы жылдың күзінде күшіне енуі керек.
Соған байланысты елде наразылық шерулері өтіп жатыр, 1 мамырда зейнетақы реформасына қарсы митинг кезінде полиция қызметкерлері зардап шеккен еді.

Ұқсас жаңалықтар

Астанада биылғы оқу жылында он екінші жаңа мектеп ашылды

admin_altyalash

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері жасанды интеллект хакатонына барды

admin_altyalash

16 535 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды

admin_altyalash