Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Әйелін неке түнінде өлтірген тұрғынға сот үкімі шықты

Әйелін неке түнінде өлтірген қазақстандық азаматқа сот үкімі шықты. Бұл туралы заңгер Айгүл Орынбек жазды деп хабарлады turkystan.kz.

Осы оқиғаға қатысты қайтыс болған қыздың анасы әділдік іздеп, көпшіліктен көмек сұраған болатын.

«Қызымды күйеуі неке түнінде өлтіріп қойды» деп шырылдаған ананың жанайқайын Сіздерге былтыр жеткізіп, осында бөліскен едім. Бүгін сот жігітке 9 жылға үкім кесті. «Қыз өзі құлап қалды» деп мойындамай құтылып кетпекші болған еді, қайта тағайындалған сараптама бәрін тайға таңба басқандай анықтап берді.

Бұл жігіт екі-үш айдай қашып жүрген, қыздың анасы генерал Қ.Дәлбековтің қабылдауына бір емес, екі рет кірсе де, полиция күдіктіні ұстауға асықпаған. Әділдік іздеп шаршаған ана маған келген соң ғана, қашып жүрген жігіт бірден табылып қалып, қылмыстық іс дұрыс бағытта жүре бастаған. Ал оған дейін қыздың өзін «құлап қалды» деп көрсетпекші болған…», – деді заңгер.

Бұған дейін шымкенттік мұғалім тұрмысқа шыққан күні күйеуінің қолынан қаза тапқанын жазған едік.

Ұқсас жаңалықтар

«Бостандықты бағалаңыздар»: Ұрлық үшін сотталған жас жігіт жастарды қателік жасамауға шақырады

admin_altyalash

Ресейден Қазақстанға сертификатсыз 170 тоннадан астам картоп әкелінуге тырысты

admin_altyalash

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: компаниялар мен қонақүйлер сапа сертификатын алды

admin_altyalash