АҚШ Мемлекеттік департаменттің ресми өкілі Мэттью Миллер Украинаның әлі НАТО-ға кіре алмайтын себебін түсіндірді. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Оның айтуынша, АҚШ пен Ресей арасында қақтығыс туындатпау үшін Украина енді НАТО-ға қабылданбайды.
Бұл мұндай жағдайда АҚШ пен Ресейдің соғысатынын білдіреді. Ал президент Джо Байден мұның болмайтынын анық айтты, – деді Миллер.
Бұған дейін НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг өз одақтастарының Украинаның Солтүстік Атлантикалық альянсқа кіру процесін жеңілдетуге келіскенін хабарлаған болатын. Ол екі сатылы процестің орнына бір сатылы процесс болатынын түсіндірді.
Бұл рете Столтенберг Украинаның НАТО-ға «барлық одақтастар шарты орындалған» деген қорытындыға келген кезде кіре алатынын атап өтті. Ал Вильнюсте қазір, яғни 11-12 шілде аралығындағы НАТО саммиті өтіп жатыр.