Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аудару бағдарламасы нәтиже бермеді – Мәулен Әшімбаев – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аудару бағдарламасы нәтиже бермеді – Мәулен Әшімбаев

20.02.2024
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

 –  Кейінгі жылдары Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай  облыстарында халық саны азайды. Бұл туралы Сенатта демографиялық өсу тақырыбына арналған Үкімет сағатында палата төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты.

«Ауылдық жерлерде денсаулық сақтау саласын дамыту мәселесі де өте маңызды екені белгілі. Қазіргі таңда «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алайда жекелеген өңірлерде қаражаттың уақытылы игерілмеу фактілері байқалады. Осыған байланысты Ұлттық жобаға, Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасына және өңірлік дамудың басқа да жоспарларына енгізілген іс-шаралардың сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету қажет. Кейбір өңірлерде әлеуметтік-демографиялық және экономикалық теңгерімсіздіктің сақталуын да сын-қатерлердің бірі ретінде атап өткен жөн. Бүгінде оңтүстік, батыс аймақтарда және мегаполистерде халық саны айтарлықтай өсіп келе жатыр. Ал, солтүстік аймақтарда, керісінше, азаю үрдісі байқалды», – деді М. Әшімбаев.

Оның айтуынша, кейінгі жылдары Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарында халық саны азайған.

«Бұл ретте оңтүстіктен солтүстікке ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы күтілген нәтижені бермегенін мойындауымыз керек. Осы орайда қазір Сенатта қаралып жатқан Көші-қон туралы жаңа заң еңбек ресурстарының мобильділігін арттыру үшін жаңа ынталандыру шараларын қарастырады деп сенеміз. Сонымен қатар осы бағытта басқа да іс-шараларды жүзеге асыруымыз қажет. Демографиялық жағдайды ескере отырып, әлеуметтік, транспорттық және инженерлік инфрақұрылымның да тиісті деңгейде дамуын қамтамасыз ету керек. Мұнамен қоса, азаматтарымыздың жан-жақты дамуы үшін сапалы, экологиялық орта қалыптастыру да маңызды іс. Қазіргі кезде еліміздің демографиялық дамуына байланысты осындай мәселелер бойынша тиімді ведомствоаралық іс-қимылды арттыру қажет», – деді Сенат төрағасы.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Алматы облысында білім бөлімінің басшысы ақша жымқырды деген күдікке ілінді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жайлы мектептер білім ошағына аса мұқтаж өңірлерде салынуы тиіс – Олжас Бектенов

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.