Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

Биыл 262 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

Фото: Halyq Uni

2024 жылғы 1 ақпанда 49,7 мың отбасындағы 262,3 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Биыл осы мақсатқа бюджеттен 75,9 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметітк қорғау министрлігі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, АӘК-тің негізгі мақсаты – ақшалай қолдап, отбасының еңбекке қабілетті адамдарына жұмыспен көмектесіп, өмірлік қиын жағдайдан шығару.

АӘК табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-нан аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындауды, табысы аз отбасылардағы 1-6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК (5 538 теңге) мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беруді көздейді.

2024 жылғы 1 ақпанда АӘК алушылар қатарындағы мектеп жасына дейінгі 80,6 мың балаға 446,2 млн теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды.

Қазір адам АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне, сондай-ақ Электронды үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.

Ұқсас жаңалықтар

Дрон операторы бойынша мамандарды даярлау ісі басталады

admin_altyalash

Ажырасу саны алаңдатып тұр

admin_altyalash

Композитор Қуат Шілдебаевтың «Отан Ана» атты шығармашылық кеші өтті

admin_altyalash