Жайық өзеніндегі судың көтерілуі 94 елді мекенге қауіп төндіреді – Нұрлан Байбазаров – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Мамыр 13, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жайық өзеніндегі судың көтерілуі 94 елді мекенге қауіп төндіреді – Нұрлан Байбазаров

08.04.2024
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999
Фото: Видеодан кадр/БҚО әкімдігі

 — Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі Орал қаласымен қоса, 94 елді мекенге қауіп төндіреді. Батыс Қазақстан облысында су тасқыны басталғаннан бері 3700-ге жуық тұрғын эвакуациялық орталықтарға орналастырылды. Соның 2700-ге жуығы үйіне оралды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары Нұрлан Байбазаров БҚО-дағы су тасқынына қатысты ахуал бойынша жасаған үндеуінде мәлім етті.

Премьер-министр орынбасарының айтуынша, қалған мыңнан астам адам 13 эвакуациялық пунктте. Олар азық-түлікпен, қажетті медициналық көмекпен қамтамасыз етілді. Қажет болған жағдайда өңірде 30 мыңнан астам орынға эвакуациялық пункттер дайындалды.

«Облыс тұрғындарына келтірілген материалдық шығынды есептеу жұмыстары басталды. 581 тұрғын үйдің 236-сына техникалық тексеру жүргізілді. Бұл жұмыс жалғасады. Су тасқынынан зардап шеккен 481 отбасына 89 млн теңгеге бір реттік төлемдер жасалды. Алдағы уақытта төлемдер жалғасатын болады», – деді Н.Байбазаров.

Үкімет басшысының орынбасары қазіргі уақытта ең маңызды мәселе – су тасқынының екінші кезеңі екенін атап көрсетті. Алдыңғы күні Ресей Федерациясының Ирикла су қоймасынан секундына 2 170 текше метр су жіберіліп жатса, кеше 1 670 текше метрге түсті.

«Соған қарамастан, жағдай күрделі. Орал қаласы бойынша Жайық өзеніндегі су деңгейі 7 метрге дейін көтерілді. Бұл Орал қаласына ғана емес, өзен бойында орналасқан Ақжайық, Бөрлі, Бәйтерек, Теректі аудандарының 94 елді мекеніне қауіп төндіреді. Облыста су тасқыны зардаптарын азайту үшін қажетті ресурстар жұмылдырылды. Орал қаласындағы Жайық өзені жағалауындағы ең қауіпті алты учаскеде ұзындығы 5 шақырым болатын бөгеттер салынып жатыр. Басқа да аудандарда қауіпсіздік шаралары атқарылуда. Жалпы су тасқыны бойынша ахуал жедел штабтың бақылауында», – деді Н.Байбазаров.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда Жайық жағасындағы бөгеттерді биіктету жұмыстары жүргізіліп жатқанын жазған болатынбыз.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қазақстан құрамасы – көркем жүзуден Әлем кубогының иегері

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Алматы-біздің ортақ үйіміз» науқанының басталуы: таза бағдаршамдар, аялдамалар мен көрсеткіштер

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.