Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтар

Шымкентте 20 млн теңге қарызы бар жүргізуші анықталды

Фото: polisia.kz

Шымкентте «Қорғау» қосымшасы арқылы миллиондаған қарызын төлеуден жалтарып жүрген жүргізуші анықталды.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, қала көшелерін патрульдеу кезінде полк инспекторлары берешегі бар көлік иесін тоқтатты. Тәртіп сақшылары жол ережесін бұзған адам туралы белгіні қызметтік планшетте орнатылған «Қорғау» бағдарламасы арқылы алды.

Полицейлер Hyundai Tucson көлігін тоқтатып, ер адамда төлемеген 20 млн теңгеден астам қарыз бар екенін анықтады. Жүргізушіге төлемдер туралы ескертілді. Көлік айыптұраққа қойылды.

Қала тұрғыны қарызын өтегеннен кейін автокөлігін қайта ала алады.

Ұқсас жаңалықтар

Үкіметтік емес ұйымдар – бұл қоғамның ар-ожданы мен азаматтық санасының айнасы

admin_altyalash

Үндістаннан табылған Әбілхайыр хан туралы кітаптың көшірмесі елге жеткізілді

admin_altyalash

Олжас Бектенов Президенттің Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

admin_altyalash