Еліміздің архивтерінде 27,5 млн астам құжат сақтаулы тұр – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 9, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Еліміздің архивтерінде 27,5 млн астам құжат сақтаулы тұр

09.06.2024
0
Еліміздің архивтерінде 27,5 млн астам құжат сақтаулы тұр
фото: гааосо.рф

Бүгін, 9 маусым – Халықаралық архивтер күні

Бұл кәсіби мерекені 2007 жылы қарашада Квебек қаласында өткен Бас ассамблеяда Халықаралық архив кеңесі (International Council on Archives, ICA) ресми түрде бекітті. Мерекенің датасы кездейсоқ таңдалмаған. Дәл осы күні 1948 жылы ЮНЕСКО-ның қолдауымен Халықаралық архив кеңесі құрылды. Бұл ұйымның құрылған күніне орай Халықаралық архив күні бекітілді. Ал 2008 жылы алғаш рет мереке тойланған кезде ХАК-тің құрылғанына 60 жыл толды, дейді Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Әр мемлекеттің архив саласына қатысты мерекесі түрлі даталарға белгіленгенмен, бұл күн әлемдегі барлық архившілердің басын біріктіреді. Елімізде құжаттарды сақтайтын 236 мемлекеттік архив бар. Соның ішінде 5 республикалық, 5 арнаулы, 1 Президент архиві және 225-і облыстық, қалалық, аудандық архивтер жұмыс істейді, – дейді ведомство.

Республика бойынша архив қызметкерлерінің саны – 3368 адам. Еліміздегі барлық архивтер Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» заңына сай қызмет атқарады. Архив қоры жыл сайын орта есеппен 16 мыңнан астам ұйымнан 300-400 мың іспен толықтырылады.

«Қазіргі таңда ҚР Ұлттық архив қорында 27,5 миллионнан астам құжат сақталады. Архив халықтың деректі жадының сақтаушысы ретінде елдің зияткерлік меншігі мен мәдени игілігінің тұтастығымен сақталуын қамтамасыз етеді», – дейді министрлік.

Қуғын-сүргін құрбандарына қатысты ашылмаған деректер әлі де көп – тарихшы. Елімізде ономастика жұмыстары орталықтандырылады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Бүгін – Малшылар күні

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ – АУЫЛДЫ ДАМЫТУДЫҢ ДРАЙВЕРІ

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.