Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босатылды

Фото: sud.gov.kz

Бүгін Сенат депутаттары Мемлекет басшысының ұсынуымен Жоғарғы Сот судьясы Нұрлан Сұлтановты қызметінен босатты,

Сенаттың бүгінгі жалпы отырысында Жоғарғы Сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп Мемлекет басшысының Жоғарғы Сот судьясы Нұрлан Сұлтановты қызметінен босату туралы ұсынысын ортаға салды.

«Сенаттың қарауына Мемлекет басшысының Жоғарғы Сот судьясы Нұрлан Сұлтановты отставкаға кетуіне байланысты қызметтен босату туралы ұсынысы енгізілді. Нұрлан Сұлтанов отставкаға кетуге ниет білдірді», деді Денис Шипп.

Сенат мүшелері ұсынысты қолдап, бірауыздан дауыс берді.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұровты қабылдады

admin_altyalash

Қазақ ертегілері татар тілінде жарық көрді

admin_altyalash

Қазақстандық студенттер Оңтүстік Кореяда тегін оқи алады

admin_altyalash