Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарЗаң мен тәртіп

Абай облысында мас жүргізуші полиция қызметкерін қағып өлтірді

фото:ашықдереккөз

Абай облысында мас жүргізуші полиция қызметкерін көлігімен қағып өлтірді. Бұл туралы Stan.kz  хабарлайды.

35 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмған. Toyota көлігін тізгіндеген жүрізуші мас болғаны анықталды.

Жол апаты Аягөз ауданында болған. Мас жүргізуші жылдамдықты шамадан тыс асырып, жолдан өтіп бара жатқан полицейді қағып кетеді. Онымен тоқтамай, көлігімен сол маңдағы дүкендердің біріне соғылған.

Жеңіл көліктің астында қалған 35 жастағы полиция қызметкері оқиға орнында қаза тапты. Марқұм Аягөз ауданы полиция бөлімінде 2009 жылдан бері анықтаушы болып істегені белгілі болды. Қазір жүргізуші қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Облыс әкімі Шиелідегі теміржол вокзалының күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты

admin_altyalash

Үкімет Солтүстік Қазақстан облысындағы қорғаныс бөгетін реконструкциялауға 1,4 млрд теңге бөлді

admin_altyalash

Алматыда «Заң және тәртіп» бастамасы аясында жастармен кездесулер жалғасуда

admin_altyalash