Ғаламтордағы алаяқтар халықтың 12 миллиард теңгесін жымқырған – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Қылмыс пен жаза

Ғаламтордағы алаяқтар халықтың 12 миллиард теңгесін жымқырған

10.07.2024
0
Ғаламтордағы алаяқтар халықтың 12 миллиард теңгесін жымқырған

Notice: Trying to get property 'child' of non-object in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/ContentTag.php on line 45
Қазіргі таңда кеңінен тараған және жедел дамып бара жатқан қылмыстың бірі – интернет желісі арқылы жүзеге асырылатын киберқылмыс. Келтірілген шығын көлемі жағынан да миллиардтаған теңгемен алға озды.
2023 жылы 44 мың отандасымыз интернет арқылы жасалатын киберқылмыстың құрбаны болып, 140 миллиард теңгесінен айырылған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Алаяқтар “Крыша”, “Колёса”, “ОЛХ”, “ҚазПошта”, “Қазақтелеком” қызметкерлері мен клиенттері атынан хабарласуды әдет қылған.

Жуырда алаяқтар Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс істері және Пәтер иелері комитеті басшысы мен қызметкерлері атынан тұрғындарды алдай бастағаны жөнінде ақпарат тарады.

Жыл басынан бері 7 мыңға жуық киберқылмыс тіркеліп, интернет-алаяқтар сенгіш халықтың 12 миллиард теңгеге жуық қаражатын алдап алған. Тіркелген қылмыстардың ішінде 3 мыңға жуығы интернет-сауда түрінде жарнама, хабарландыру беру арқылы жасалса, 2 мыңнан аса қылмыс WatsApp желісі және e-Gov қызметіндегі жеке кабинеттен ұрланған ақпарат бойынша жасалған.

Биылғы жылдың 5 наурызында “Мемлекеттік техникалық қызмет” АҚ еліміздегі zaimer.kz микроқаржы ұйымының клиенттеріне байланысты 2 миллионнан астам қазақстандықтың дербес деректері ұрланғанын жария еткен. Компания басшылығы өздерінің барлық клиенттеріне ескерту хабарламасын жібргенін айтып, елді ескертті. Алайда, алаяқтардан сақтандыру хабарламасы e-Gov қызметінде тіркелген өзге де азаматтарға келіп жатты. Таңғаларлығы, ол адамдар ешқашан микроқаржылық ұйымдардан несие алмаған.

Кибер-алаяқтардың әрекет ету аумағын шамаласақ, тек несие алған азаматтар ғана емес, бүкіл қазақстандықтардың жеке мәліметі қолды боп кеткенге ұқсайды. Олай дейтініміз, алаяқтар бір ғана адамға телефон шалып, WatsApp жүйесі арқылы хабарласып қоймай, оның ең жақын туыстарына да байланысып, өзіне ғана белгілі жеке мәліметтерін алға тарта отырып алдау әрекеттері етек алып кетті.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсіп министрлігі азаматтарға “электрондық үкімет” веб-порталы арқылы несие алудан ерікті түрде бас тартуды және банк қызметкерлері телефон арқылы ұсынатын абоненттерге ешқандай жеке деректерді хабарламауды ескертіп отыр. Бұл да кибер-алаяқтықтың алдында дәрменсіз екенімізді көрсетеді.

Ішкі істер министрлігі де дабыл қағып, соңғы 7 жылда елімізде интернет жүйесі арқылы жасалатын қылмыстың ие бермей, көбейіп кеткендігін айтып отыр. Жыл басынан бері 4 мың интернет-қылмысқа қатысы бар 2 мыңнан аса адам жауапқа тартылған. Олардан қашықта отырып өзге кісінің жеке мәліметін басқаруға болатын AnyDesk, TeamViewer секілді арнайы құрылғы орнатылған  170 компьютерлік техника тәркіленіп, зардап шеккендерге 850 миллион теңге айыппұл өндірілген.

Сөз соңында оқырмандарымызға күдікті телефон нөмірлерінен соғылған қоңыраулар мен келген хабарламалар, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы келетін хабарламаларды жіті тексеруді, ресми сайттардан келетін ақпараттың өзін сол ресми мекемеге хабарласу арқылы тексеруді; Сізге ұсынған кез-келген сілтемелерге кірмеуді, жеке деректеріңізді бермеуді және құпиясөз бен банк деректерін мессенджерлер арқылы жібермеуді; күдікті телефон нөмірлерін бұғаттауды және WatsApp, Facebook, тағы басқа әлеуметтік желілердің құрылтайшыларынан шағым түсіріп, ескертуді ұсынамыз.

Телефоныңызға түрлі спамдар мен зиянды ақпарат жіберетін сайттарды алдын-ала бұғаттайтын арнайы қосымша жүктеп алу – ол да сіздің қауіпсіздігіңізді күшейте түседі.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қымбат көлік жымқырумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Атырауда төбелестен кейін 17 жасар жігіт қайтыс болды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.