Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтар

Мемлекет басшысы металлургтерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Фото: Ақорда

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев металлургтерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

«Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Металлург күні қарсаңында отандық металлургия саласындағы жемісті еңбегі, еліміздің өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық дамуына қосқан үлесі үшін жүздеген жұмысшы мемлекеттік наградалармен марапатталды. Атап айтқанда, 22 жұмысшы «Құрмет» орденінің кавалері атанды, 41 өнеркәсіп қызметкері ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденінің, 51 адам «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері болды», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар 7 маман Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасын иеленді.

Ұқсас жаңалықтар

Уақыт белдеуін ауыстыруға қатысты петицияны қоғамдық талқылау

admin_altyalash

Астанада 4 мектеп ашылды

admin_altyalash

Жаңа спорт нысандарының құрылысы жүргізілуде

admin_altyalash