Жеңіс үшін барлық мүмкіндігімізді пайдаланамыз – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жеңіс үшін барлық мүмкіндігімізді пайдаланамыз

15.08.2024
0
Жеңіс үшін барлық мүмкіндігімізді пайдаланамыз

Алдағы қыркүйекте Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында қазақстандық көкпаршылар Алматы облысында көкпар және көкбөрі ойындары бойынша оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр, – деп хабарлайды altyalash.kz 

Бұл туралы Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметі мәлімдеді.

«ДКО аясында көкпар және көкбөрі ойындары өтеді. Қазір спортшылардың дайындықтары жақсы. Басты қарсылас ретінде Қырғызстан мен Өзбекстанды айтар едім. Егер біз көкпардан жеңісімізге сенімді болсақ, көкбөрі ойынынан мүмкіндіктеріміз тең дәрежеде. Біраз жылдан бері көкбөрі ойнаған жоқпыз. Десе де, жеңіс үшін барлық мүмкіндігімізді пайдаланамыз», – деді көкпардан ұлттық құраманың бас бапкері Ақылбай Манкеев.

Көкпардан ұлттық құрама мүшесі Наурызбай Қалтаев байрақты бәсекеге дайындық жайлы және көкпар мен көкбөрінің айырмашылықтары турасында айтып берді.

«5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына деген дайындығымыз жоғары деңгейде өтіп жатыр. Екі спорттың айырмашылығы тайм санында – көкбөріде үш тайм ойналады, ал көкпарда – екеу. Көкбөріде қазандыққа, ал көкпар жерге сызылған шеңберде ойналады», –  деп атап өтті Наурызбай Қалтаев.

Көкбөрі сайысы бойынша әр командадан 12 қатысушы болады. Спортшылардың дайындығы үшін Көкпар федерациясы тәжірибелі кеңесшілерді тартқан. Оқу-жаттығу жиындары ҚР Туризм және спорт министрлігінің Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

Еске сала кетейік, республикалық «Көкпар» федерациясы Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді. Қауымдастық құрамында бұдан өзге «Аударыспақ», «Бәйге», «Теңге ілу», «Садақ ату», «Жамбы ату», «Құсбегілік», «Асық ату», «JORYQ» ат спорты және т.б. федерациялар бар. ҚР Ұлттық спорт қауымдастығын Исламбек Салжанов басқарады.

Айта кетерлігі, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2 000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Бас демеушісі –  ALAGEUM ELECTRIC. Ойындардың бас серіктесі –  Halyk Bank. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Емханадан 341 млн теңге жымқырған екі бухгалтер сотталды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Астанада Euronews Орталық Азия хабының өкілдігі ашылады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.