Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарЗаң мен тәртіп

Ұлытауда сотталғандарды азаптаған түрме бастығы мен қызметкерлері сотталды

Фото: Halyq Uni

Биыл 30 шілдеде қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотта ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қарағанды және Ұлытау облысы бойынша №62 мекемесін 7 қызметкері мен Ұлттық ұлан №6505 әскери бөлімінің 4 қызметкеріне, жалпы 11 адамға сот үкімі жарияланды, 

Қылмыстық істі Ұлытау облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары тергеді.

Прокурорлар айыпталушылардың сотталған 11 адамға қатысты азаптау әдістерін қолданғандығын тергеумен дәлелдеді.

Сот үкімімен мекеме бастығы мен оның режим жөніндегі орынбасарына 6 жыл 6 айға мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалып, осы мекеменің басқа да 5 және Әскери бөлімінің 4 қызметкерлеріне 4 жыл мен 4 жарым жыл мерзімдерге бас бостандығынан айыру түріндегі жазалар тағайындалды, – делінген сот хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

«Қазақстан» шахтасындағы апат: қаза болған бес кеншінің аты-жөні жарияланды

admin_altyalash

Ескерткіш орнату жарыс болып кетті

admin_altyalash

Президент моноқалаларға көшетіндер үшін жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама әзірлеуді тапсырды

admin_altyalash