Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Президент 2 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

Фото: Telegram/Aqorda
Президент Жолдауында еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты мәселелер қамтылады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды.

Aqorda Telegram арнасының хабарлауынша, жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам өкілдері және еңбек ұжымдары қатысады.

Президент Жолдауында еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты мәселелер қамтылады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында 50 мың бас ірі қараға арналған бордақылау кешені cалынуда

admin_altyalash

Бұл – қазақ эстетикасының заманауи интерпретациясы

admin_altyalash

Жағдай менің жіті бақылауымда

admin_altyalash