Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Тоғызқұмалақтан ұлттық құрама үш алтын жеңіп алды

Фото: ұлттық және ат спорты түрлері орталығы
Тоғызқұмалақтан ұлттық құрама спортшылары жекелей сында екі алтын, бір күміс, бір қола және командалық есепте алтын жүлдені жеңіп алды, – деп хабарлайды altyalash.kz Aikyn.kz.ке сілтеме жасап.
«Думан» қонақүй және спорт кешенінде өткен жарыста әйелдер арасында Мөлдір Серікқызы – алтын, Аңсаған Қожанәсіп күміс жүлде еншіледі. Ал ерлер арасында Бексұлтан Бостандықов – алтын, Ерсұлтан Әуелбай қола жүлде алды. Сондай-ақ Қазақстан құрамасы командалық есепте 1-орын алып, көшпенділер ойындарының тағы бір алтын жүлдесіне ие болды. Екінші орында – Қырғызстан, үшінші орында – Ресей және Моңғолия.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы отандастарымызды Ұлттық кітап күнімен құттықтады

admin_altyalash

Астанада теннистен ел чемпионаты өтіп жатыр

admin_altyalash

Биылғы жұмыстың қорытындысын шығарып, 2025 жылға арналған міндеттерді айқындады

admin_altyalash