Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚылмыс пен жаза

Есірткі зертханасы жойылды


Елорда прокуратурасының үйлестіруімен уәкілетті орган
есірткі зертханасын анықтады.Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы

мәлім етті.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша үш адам
сотқа берілді.
Сот тергеуі барысында сотталушының темір контейнерді
жалға алғаны анықталды. Осыдан кейін ол қала сыртында құны 2
млн теңге жер телімін сатып алып, аталған контейнерді
психотроптық заттарды шығаратын зертхана ретінде жабдықтап,
орналастырған.
Кінәлі тұлға қылмыстық әрекетке екі сыбайласын тартқан.
Тергеу барысында астыртын зертханадан алынған 24 кг
астам психотроптық заттар жойылды.
Нәтижесінде сот елорданың үш тұрғынын аса ірі көлемде
психотроптық заттардың аналогын сату мақсатында заңсыз
дайындағаны және сақтағаны үшін кінәлі деп танып, 10 жылдан 11
жыл 3 айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына
сотталды.
Үкім заңды күшіне енді.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңақорған ауданында «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылды

admin_altyalash

Мемлекет азаматтық қоғамның өрісін кеңейтуге әрдайым баса мән береді

admin_altyalash

Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа кезеңі: Сенат депутатының пікірі

admin_altyalash