Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтар

АЭС — әлемдік ғылымның озық жетістігі

Маңғыстау облыстық Қоғамдық кеңесі төрағасы Оңайбек Әбділов атом қуатын игеру саласы Қазақстан үшін таңсық тәжірибе емес екенін айтты. Ол адамзат өркениетінің озық жетістігіне айналған атом өнеркәсібін өрістету үдерісінен қалыс қалмау қажетін айтады.

Маңғыстау облыстық Қоғамдық кеңесі төрағасының айтуынша халықпен жүргізілген кездесулерде әрдайым пікір екіге жарылады. Дегенмен ол 6 қазан күні азаматтар мәселенің маңыздылығын ескерген барлық азамат, сайлау учаскелеріне келіп, қабылдаған шешімдеріне сай дауыс береді деген сенімде.

– Біріккен Араб әмірлігі, Өзбекстан, Түркия секілді мемлекеттер де атом энергетикасын дамытуды басты назарға алып отыр. Араб елінде мұнай, Өзбекстанда табиғи газдың мол қоры барына қарамастан атом саласын дамытуда. Сонымен қатар Өзбекстан уранды өзге елден сатып алады. Ал Қазақстан уран қоры бойынша алдыңғы қатарда. Атом станциясының отыны – уран. Бұл біз үшін өте тиімді екенін айтқым келеді. Қазақстан да өзге елдер секілді қарқынды даму үстінде. Сондықтан тұрақты энергия көзінен бас тартпауымыз қажет. Референдумда халқымызды өз таңдауларын жасап, дауыс беруге келеді деген сенімдемін,-дейді Оңайбек Әбділов.

Маңғыстау облыстық Қоғамдық кеңесі төрағасы Оңайбек Әбділов.

Ұқсас жаңалықтар

«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы тағайындалды

admin_altyalash

Қытай компаниялары еліміздің су саласын цифрландыруға атсалыспақ

admin_altyalash

ҮКІМЕТ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ЭКСПОРТЫНДАҒЫ БАСЫМ НАРЫҚТАРДЫ АНЫҚТАДЫ

admin_altyalash