Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЭкономика

Тікелей рейс 2025 жылдың көктемінде іске қосылады

Қазақстан-Австрия Іскерлік кеңесінің 9-шы отырысын өткізу кезеңінде ҚР Көлік Вице-министрі Талғат Ластаев бастаған қазақстандық делегацияның құрамында СКАТ авиакомпаниясының Вице-президенті Владимир Сытник пен ҚР Австриядағы елшілігінің өкілдері Австрияның туризм жөніндегі мемлекеттік хатшысы Сюзанна Краус-Винклер және Вена әуежайының бас директоры Юлиан Йегермен кездесулері өтті.

Кездесулер барысында Қазақстан мен Австрия арасында 2025 жылдың көктеміне жоспарланған СКАТ әуекомпаниясының аптасына 2 рет жиілікпен тікелей рейсін ашу, сондай-ақ туризмді дамытуды визалық қолдау мәселелері талқыланды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің жастар форумына қатысты

admin_altyalash

Үкіметтің баспасөз қызметі журналиске салынған шектеуді түсіндірді

admin_altyalash

БҚО әкімі жарыс жеңімпаздары мен ата-аналарды отбасы күнімен құттықтады

admin_altyalash