Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың сұхбатындағы түркі векторы – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Маусым 7, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың сұхбатындағы түркі векторы

03.01.2025
0
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың сұхбатындағы түркі векторы

Қазақстан 2024 жылы Түркі Мемлекеттері Ұйымындағы (ТМҰ) өз төрағалығын сәтті аяқтады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ana tili» газетіне берген сұхбатында түркі әлемімен ынтымақтастықтың ерекше маңыздылығына тоқталуы кездейсоқ емес. Бұл сұхбатта Қазақстанның ТМҰ аясындағы белсенділігі мен түркі ынтымақтастығын нығайтуға қосқан үлесі кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, ауқымды жобалар мен 80-нен астам іс-шара ұйымдастырылғандығына баса назар аударылды.

Президент 2021 жылы күллі түркі әлемінің рухани астанасы болып жарияланған көне Түркістан қаласының тарихи рөліне ерекше мән берді. Мемлекет басшысының пікірінше, Түркістанның қайта жандануы түркі әлемінің бірлігін нығайтуға зор үлес қосуда.

Сонымен қатар, Астанада өткізілген V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары түркі халықтарының бай мәдени мұрасын насихаттауда ерекше орын алғандығы атап өтілді. Бұл шара түркі мәдениеті мен дәстүрін әлемге танытып қана қоймай, қатысушы елдер арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдете түсті.

Соңғы онжылдықта ТМҰ аясындағы сауда-экономикалық байланыстар да айтарлықтай нығайды. Президент 2023 жылы ұйымға мүше елдердің өзара айналымы 45 млрд долл. асқанын атап өтті. Бұл көрсеткіш интеграцияның жоғары деңгейін және өзара тиімді қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын дәлелдейді.

ТМҰ шеңберіндегі ынтымақтастықтың маңызды аспектілерінің бірі – Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту. Бұл жоба Қазақстанның экономикалық әлеуетін арттыруда, транзиттік мүмкіндіктерін кеңейтуде және халықаралық инвестицияларды тартуда шешуші рөл атқаруда.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбатында аталған ТМҰ аясындағы серіктестік Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясатының ажырамас бөлігі екенін айқын аңғартады. Түркі әлемімен ынтымақтастық – елдің рухани, мәдени және экономикалық дамуын қамтамасыз ететін стратегиялық бағыттардың бірі.

Бауыржан Әукен,

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Азиялық зерттеулер бөлімінің аға сарапшысы

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Белсенді сыртқы саясат – елдің тұрақты дамуы жолында

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНЫҢ ЕКІ АУЫЛЫНДА ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ АШЫЛДЫ

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.