Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарСпорт

Елордалық спортшылар жыл басынан бері 5 700-ге жуық медаль жеңіп алды

Астана спортшылары республикалық және халықаралық аренада биіктен көрініп, түрлі спортта ел намысын абыроймен қорғап келеді. 2026 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша елордалық спортшылар 1 472 жарысқа қатысып, 5 696 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 2 149-ы – алтын, 1 803-і – күміс, 1 744-і – қола, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бокс, күрес, су добы, семсерлесу, стенд және оқ ату, жеңіл атлетика, байдарка мен каноэде есу, гимнастика, велоспорт, триатлон, самбо, таеквондо, шахмат, шорт-трек және басқа да спорт түрлерінен айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді.

Азия және әлем чемпионаттарындағы нәтижелердің орны ерекше. 2026 жылы елордалық спортшылар спорттың 12 түрінен өткен 15 Азия чемпионатына қатысып, 23 медаль иеленді. Оның 9-ы – алтын, 8-і – күміс, 6-ауы – қола.

Ал спорттың 11 түрінен өткен 12 әлем чемпионатында Астана өкілдері тағы 23 жүлдеге қол жеткізді. Оның ішінде 10 алтын, 8 күміс және 5 қола медаль бар.

Параспорт өкілдері де жоғары нәтижелер көрсетті. Астана құрамасының спортшылары спорттың 9 түрінен өткен 9 Азия чемпионатына қатысып, 32 медаль жеңіп алды. Оның 16-сы – алтын, 12-сі – күміс, 4-еуі – қола.

Бұдан бөлек, спорттың 6 түрінен өткен 6 әлем чемпионатында елордалық параспортшылар 14 медаль иеленді. Оның ішінде 2 алтын, 6 күміс және 6 қола жүлде бар.

2026 жылғы қарашада елордалық параспортшылар парастол теннисі, армрестлинг және пауэрлифтингтен өтетін тағы үш әлем чемпионатына қатысуды жоспарлап отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Сауда саясатында тың әрі батыл тәсілдер қажет – Олжас Бектенов

admin_altyalash

Фотокорреспонденты СМИ провели мастер-класс для студентов ЕНУ в Зеренде

admin_altyalash

Қазақстан ғалымдары Гарвард қорындағы тарихи құжаттарды зерделеді

admin_altyalash