Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарҚоғамМәдениетӨнер

Мемлекет басшысы Нұрлан Өнербаевты 65 жасқа толуымен құттықтады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Өнербаевты 65 жасқа толуымен құттықтады. Мемлекет басшысының құттықтауын Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев Астанада өткен кездесуде табыстады.

Президент құттықтауында өнер иесінің еліміздің мәдениеті мен өнерін дамытуға, музыкалық мұрасын дәріптеуге қосқан үлесін атап өтті.

«Өзіңізге тән қоңыр дауысыңыз бен ерекше орындаушылық мәнеріңіз талғампаз тыңдарманның жүрегінен орын алды. Сіз дәстүр сабақтастығын сақтап, халық әндері мен белгілі композиторлардың таңдаулы туындыларын насихаттауға мол үлес қосып келесіз. Ізденіске толы шығармашылық жолыңыз жемісті болып, талантты шәкірттер тәрбиеледіңіз», – делінген құттықтауда.

Мемлекет басшысы Нұрлан Өнербаевқа мықты денсаулық, отбасына бақ-береке және еліміздің рухани-мәдени мұрасын байыту жолындағы еңбегіне толағай табыс тіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Қосанов ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен наградталды. 

admin_altyalash

Жаңа амбулатория халықтың игілігі үшін қызмет ететініне сенімдіміз

admin_altyalash

Мемлекет басшысы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады

admin_altyalash