28 қаңтарда сағат 15.30-да “Тау” демалыс базасының аумағында 2007 жылы туған кәмелетке толмаған бала Lynx маркалы қарда жүретін көлікті басқара отырып, жабдықталған қарлы тау аймағында тұрған адамдар тобына соқтығысты.
“Оқиға салдарынан 40 жастағы әйел көз жұмды, 49 жастағы ер адам және бес кәмелетке толмаған бала, олардың арасында бір жасар бала жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Аталған факті бойынша Ақтөбе облысының полиция департаменті тергеу жүргізуде”, – делінген хабарламада.