– Ақмола облысында алаяқтық жасаған Бұланды аудандық полиция бөлімі бастығының бұрынғы орынбасары екі айға қамауға алынды.
Ақмола облыстық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу соты Бұланды аудандық полиция бөлімі бастығының бұрынғы орынбасарына қатысты екі ай мерзімге «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы түрінде санкция берді.
«Бұланды аудандық полиция бөлімі бастығының бұрынғы орынбасары «Д.» мүлікке қарсы ауыр қылмыс – алаяқтық жасады деген күдікке ілінді (Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 2-бөлімшесі)», – деді ведомстводан
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінен түсіндіргендей, сотталушы 2024 жылдың 26 қаңтарында өз еркімен жұмыстан кеткен.
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.