Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЭкономика

400 МЫҢ ТОННА АСТЫҚТЫ ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ САЛЫНАДЫ

фото:ашықдереккөз

Еліміздің ауыл шаруашылығы үшін тағы бір толағай табыстардың бірі. Қостанай облысында қуаттылығы жылына 400 мың тонна астықты терең өңдейтін зауыт салу жоспарланып отыр. Әкімдіктің хабарлауынша, аталған кәсіпорында 600 адамға жаңа жұмыс орны ашылады. Бидай өңдейтін зауыт салу еліміздегі ең ірі кәсіпорындардың бірі «KazFoodProducts» компаниясының жауапкершілігінде. Жақында ғана бұл ірі жобаны жүзеге асыру үшін  қытайлық Myande Group Co. Ltd компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Соның арқасында инвестиция тартылып, іскерлік байланыс орнамақ. Жобаның жалпы құны 50 миллиард теңгені құрайды.

KazFoodProducts компаниясының бас директоры Әлихан Қайратбектің айтуынша, 400 мың тонна бидай өңделіп, зауытта аминқышқылдары, биоэтанол, глютен, мал азығы, бидай кебегі өндірілетін болады. Жоба 2027 жылдың желтоқсанында іске асырылады. Сондай-ақ, екіжақты келіссөз барысында Алматы облысындағы бидай мен жүгеріні терең өңдеу саласындағы көшбасшы «AsiaAgroFood» зауытының өндірістік қуатын арттыруға да мән берілді. Осылайша, тәулігіне 300 тоннаға дейін өңдеу жұмыстары жүргізілмек.

Аймақтың ауыл шаруашылығы басқармасы мәлімдегендей, аймақта жұмыс орындары ашылып, халықтың әлеуметтің әл-ауқатын арттыруға мән берілмек. Сонымен қатар азық-түлік қауіпсіздігі мен экспорттың көлемін арттыруға жол ашылады.

Ж.Жұманбаева

altyalash.kz

Ұқсас жаңалықтар

Олжас Бектенов пен Абдулла Арипов сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту жөніндегі жұмыс қарқынын талқылады

admin_altyalash

Көліктегі әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу

admin_altyalash

Қарағандылық оқушылар «Жас патриоттар» академиясының қатарына қабылданды

admin_altyalash