Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтар

Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары кезінде қала әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады.

Президентке шаһардың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы жоспарлары туралы баяндалды. Биылғы бірінші жартыжылдықта қысқамерзімді экономикалық индикатор 11 пайызға өскен. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 25,4 пайызға артты.

Мемлекет басшысына қаланың орталық бөлігіне түсетін жүктемені азайтуға, инфрақұрылымды теңгерімді бөлуге және қалада жайлы орта қалыптастыруға бағытталған полицентристік даму барысы жөнінде мәлімет берілді. Аудандар арасындағы тиімді байланыс пен қоғамдық көлік қызметін жақсартатын транспорт жүйесін құру мәселесіне ерекше назар аударылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев шаһардың жоғарғы бөлігінде көппәтерлі тұрғын үйлер салуға және аумақты тарылтатын құрылыс жүргізуге мораторий енгізуді тапсырды. Бұл шектеу Бас жоспарда қарастырылған әлеуметтік нысандар мен туристік кластер жобаларына қатысты емес.

Бұдан бөлек, Бас жоспарға табиғи ортаны қорғауды күшейтуге, қаланы жүйелі дамытуға және тау бөктеріндегі құрылыстың алдын алуға арналған өзгерістерді уақыт оздырмай енгізу міндетін жүктеді.

Ұқсас жаңалықтар

5 жасар баланы құтқарған оқушыға 1 миллион теңге берілді

admin_altyalash

Үкімет басшысы Олжас Бектенов елімізде тұрғын үй саясатына қатысты бірқатар проблеманы атады

admin_altyalash

Заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комиссия: мемлекет кірісіне қосымша 40 млрд теңге қайтарылды

admin_altyalash