Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында гараж кооперативтерінің бірінің аумағында 38 жастағы қала тұрғынын ұстады.
Қызметтік-іздестіру итін қолдана отырып, Daewoo Nexia автокөлікті тінту кезінде ұнтақ тәрізді зат салынған 43 орам және екі таблетка табылып, тәркіленді.
Кейін күдікті есірткіні буып-түю үшін пайдаланған гаражды тінту барысында жертөле бөлмесінен ұнтақ тәрізді заты бар 161 орам, өзіне тән иісі бар зат салынған үш шағын ыдыс, термометр, zip-пакеттер, сары және жасыл түсті изоленталар, электронды таразы, сондай-ақ жазбалары бар жұмыс дәптері табылып, тәркіленді.
Сонымен қатар күдіктінің тұрғылықты мекенжайы бойынша ұнтақ тәрізді заты бар 44 орам, шамамен 200 бос zip-пакет, заттың қалдығы бар пластик бөтелкенің бөлігі және ноутбук тәркіленді.
Заңсыз айналымнан жалпы салмағы шамамен 500 грамм синтетикалық психотроптық заттар алынды. Бұл – заңсыз таралуы мен тұтынылуына жол берілмеген 3 мыңнан астам бір реттік доза.
Күдікті Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталып, Ақтөбе қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аса ірі мөлшерде есірткі құралдарының заңсыз айналымы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.